Адал азамат

25 қыркүйекте Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбында жоғары медициналық колледж студенттерімен мотивациялық кездесу өткізді.
Тұжырымдама жастардың патриотизмін, әдептілігін, жауапкершілігін, этикалық қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған модель арқылы жүзеге асырылады.

Кездесудің модераторы Алматы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Болат Оспанов болды.
Бұдан әрі Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері – қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Республикалық мектеп-интернаты директорының орынбасары Айтулған Барақбаев, ол тұжырымдаманың мәнін тереңірек түсіндіру мақсатында слайд ұсынып, негізгі бағыттарын түсіндіріп берді.
«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі филиалының төрағасы Владимир Шихотов сөз алып, тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық және білім принциптеріне негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасын енгізу туралы жан-жақты баяндады.

Іс-шара барысында білім алушыларға «Адал Азамат» тұжырымдамасының мазмұны, оның қоғамның бірлігін, тұрақтылығын, әділдігін, ынтымақтастығын, заң мен тәртіпті, мемлекеттің дамуы үшін сенім мен жауапкершілікті қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді.
Спикерлерге көптеген түрлі сұрақтар қойылды, оларға толық жауаптар берілді.
Жиын соңында Жоғары медициналық колледж директоры Жұмахан Мұқашұлы Молдақұлов нәтижелі кездесу үшін баяндамашыларға алғысын білдірді.

 

 

Поделитесь публикацией:

Похожие публикации

«Салауатты сана – основа устойчивого общества»: члены АНК города Алматы провели встречу со студентами Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана.

7 октября в Казахском Университете Международных Отношений и Мировых Языков имени Абылай хана прошло выездное мероприятие по теме «Салауатты сана

Читать далее

Обратная связь

Ваш голос важен: дайте нам знать, чтобы мы могли улучшиться!

Skip to content