Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі “Тоғызқұмалақ” қалалық жарысын ұйымдастырды

2024 жылғы 28 қазанда Республика күні және Қазақстан жазушысы Г.К. Бельгердің 90 жылдығына орай, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі “Тоғызқұмалақ” қалалық жарысын ұйымдастырды.
Іс – шарада ҚР Парламенті Сенатының депутаты – Е. А. Больгерт, мәслихат депутаты – Қ. Джузеева, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы – А. Р. Есенбеков, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Б.М. Оспанов, “Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы” ҚБ төрағасы – Д. Абдулхалил, “Ариана” ауған орталығы ” ҚБ төрағасы – М. Эльяс, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері И.И. Байрамуков және т. б. құттықтау сөзімен сөйледі.
Г.К. Бельгердің еңбектеріне ризашылық білдіріп, оның жұбайы Р.З. Хисматулинаға, оның қызы И.Г. Ковалеваға Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің атынан қазақтың ұлттық шапаны және қазақтың әшекейлері түріндегі айтулы сыйлықтар табыс етілді.
Жарысқа Алматы қаласының жоғары оқу орындарының 70 студенті қатысты. Жарыс сонында женімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
1-орынды Исахан А.және Абдрахман Н. иеленді.,
2-орын Тұрсынғали А. және Дакен Е.,
3-орын Берікбол Н., Сайдулла З., Жанабилов Е. және Ерболұлы Б.
Осындай жарыстар бірінші рет өткізіліп жатқан жоқ, бұл іс-шара ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты оятуға, қала жастарын салауатты өмір салтына тартуға және қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етеді. Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесі алдағы уақытта да жастар арасында осындай жарыстар өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына нақты көмек көрсетуді жалғастыруда.
Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.
Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. Тұрғын үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына, асыраушысынан айырылған, құқық белгілейтін құжаттарында мәселелер туындаған немесе жеке тұрғын үйі жоқ көпбалалы отбасыларға алып беруде.
Бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарының қаражатына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындғаы баспанасынан айырылған отбасыларға үй сатып алынды.
Атырау облысы Құлсары қаласындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Дауылбаевтар отбасы қоныс тойын тойлады. Табиғи апат салдарынан балалар баспанасыз қалған еді.
ҚХА қолдауының арқасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғындары үш балалы ерлі-зайыптылар Артур Сатиев пен Марал Беркінғалиеваның отбасы да жаңа баспанаға ие болды.
Марал Беркінғалиева Бәйтерек аудандық ауруханасында медбике, ал жолдасы Артур Сатиев аудандық ветеринарлық стансада қызмет етеді. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне шын жүректен алғысын білдірді.
Осыған дейін ҚХА қолдауының арқасында Ақмола және Қостанай облыстарының ауылдық аймақтарынан тағы бірнеше отбасы жаңа баспанаға ие болды.
Табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап ҚХА арнайы республикалық «Жүректен жүрекке» жобасын қолға алды. Барлық облыстардағы Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.
12 мыңнан астам ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушыларға көмек көрсетіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Осы акция аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге жуық сомаға 1500 тоннадан астам азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жеткізілді. Керекті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Ассамблея мүшелері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Бұл халқымыздың қандай қиындықта да бірлігі мен ынтымағын ыдыратпағанын дәлелдейді.

Алматыдан Атырау облысына 25 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді.
Жүктің қалыптасуы Қазақстан халқы Ассамблеясының “Жүректен жүрекке” республикалық акциясы аясында өтті, оны жинауға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпорындар, мәслихат депутаттары және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатысты.
Гуманитарлық көмек құрамына су тасқынының салдарымен күресу үшін қажетті нәрсенің бәрі кірді – құрылыс қаптары, күректер, резеңке етіктер, балалар мен ересектерге арналған жылы киімдер, аяқ-киім, дәрі-дәрмектер, төсек-орын, тұрмыстық химия, матрастар, жастықтар, суды тазартатын сүзгілер, жылы көрпелер, құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері.
Гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 30 млн. теңгеден асты.

«ПОХАБАРИМ» подкаст – «Қазақстандағы ерекше келбетпен өмір»

«ПОХАБАРИМ» подкаст жобасының екінші бөлімінің қонақтары – танымал шоумен, домбырашы, Африка мәдени орталығының төрағасы Дэниел Джеймс, Еуразия бірінші арнасының жүргізушісі, «Weeding аwards» нұсқасы бойынша ТОП-3 үздік жүргізуші – Уэдраого Амината, актриса, «Аппақ келін» сериалының жұлдызы Фатима Кулибали, Қазақстанда өздерінің отбасының қалай құрылғанын, жетістікке жету жолын, қазақтың салт-дәстүрімен қалай өмір сүретінін, қазақ пен африкалық мәдениеттердің қаншалықты ұқсас екенін айтып берді.

«Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир

2024 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы үшін «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир ұйымдастырып, өткізді.

          Шараны тележүргізуші және танымал блогер Иван Червинский жүргізді.

          Турнирді аша отырып, Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков мүмкіндігі терең, өзіндік ерекшеліктері бар, мәдениет пен білімнің аса маңызды аспектілерімен тарихи сабақтас ұлттық ойындарды жаңғырту мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2008), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны Қанат Ислам құттықтау сөз сөйледі.

          Республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы бойынша «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті Әкім Тұрсын өз сөзінде мұндай ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі құралы екендігіне тоқталды. Олар ақыл-ойдың, мінездің, ерік-жігердің, тапқырлықтың, т.б. дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.

          Мұндай дәстүрлі ойындарды өткізудің мақсаты – тарихи-мәдени, атап айтқанда этномәдени дәстүрлерді жаңғырту, өз халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ата-бабаларының мәдениетіне құрметпен қарау, туған еліміздің өз халқының мәдениетіне деген қызығушылық, патриоттық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

          Турнир Алматы қаласы Алатау ауданы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Оған қала мектептерінен 32 оқушы қатысты (әр ауданнан 4 оқушыдан). Бұл турнирге Алматы қаласы «Тоғызқұмалақ» федерациясының төрешілері төрелік жасады. «Тоғызқұмалақ» ойыны швейцариялық жүйе бойынша жылдам әдіспен 5 айналымнан тұрды.

          Турнирге қатысушылардың барлығына Алматы қаласының ҚХА кубоктары (жүлделі орындар), дипломдар мен алғыс хаттар, ақшалай сертификаттар және Ассамблея атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

          Ұлдар арасындағы жеңімпаздар:

1 орын ШӘКІРМАМАТОВА АЯНА (№118 мектеп-гимназия)

2 орын КӨПСЕКБАЙ МЫРЗАТАЙ (№201 мектеп-гимназия)

3 орын РАХМАНОВ МИРАН (№10 ОМ).

Қыздар арасында жеңімпаздар:

1 орын АМРАЕВА АЙЛЯ (№118 мектеп-гимназия)

2 орын ҮСЕНОВА АМИНА (№153 мектеп-гимназия)

3 орын МАЛЫШЕВА ВИКТОРИЯ (№10 ОМ).

          Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруге ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастырып, тұрақты негізде көптеген жұмыстарды атқаруда.

Обратная связь

Ваш голос важен: дайте нам знать, чтобы мы могли улучшиться!

Skip to content