Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қоғамымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі – азаматтық қоғамның қатысуынсыз шешілмейтін сыбайлас жемқорлықпен күресу міндеті. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
2024 жылғы 5 ақпанда қалалық Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтті. Жиын модераторы Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Оспанов Болат Мұсақажыұлы болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Сәлімбаев Қанат Әсембайұлы; «Филиа» Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Иорданиди Георгий Константинович; Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Алматы қалалық отбасы істері және гендерлік саясат комиссиясының мүшесі, отставкадағы полиция полковнигі, кәмелетке толмағандар саясаты саласындағы белгілі маман – Шопшекбаева Айгүл Шопшекбайқызы; «Қазақстандық дүнген қоғамы» РҚБ төрағасы, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Воинце Әбубәкір Вайсырұлы; «Ариана» этномәдени орталығы төрағасының орынбасары – Мохаммад Даут, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысты.
      Кездесу нәтижелі болды. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру мәселелеріне тарту маңызды екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында ҚХА өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі іс-шаралар кешенін ұсынды.

Ассамблея жастары «Алдағы 5-10-15 жылда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы» жобасын іске қосты

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақ үшін тәлімгерліктің ең өзекті міндеттерінің бірі-кәсіби бағдар беру. Сарапшылардың қазіргі бағалауы, адамзаттың екі дәуірдің түйіскен жерінде екенін растайды. Қазір көптеген кәсіптер жойылып кетуде, ал жақын арада одан да көп жаңа кәсіптер пайда болады. Бұған көптеген факторлар әсер етеді-цифрландыру, прогрессивті роботтандыру, жасанды интеллекттің дамуы, ірі кәсіпорындардың трансформациясы және т.б. др.

Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі «Алдағы 5-10-15 жылда сұранысқа ие болашақтың ТОП 50 мамандығы» жобасын іске қосты. Еңбек нарығы мен болашақ технологияларды бақылай отырып, ұйым мүшелері талдау дайындады, онда 19 қызмет саласы бойынша 50 мамандық шығарылды, олардың ішінде экология, медицина, IT, жеңіл өнеркәсіп, агросектор, құрылыс, білім беру, қаржы траекториясы, логистика, ғарыштық туризм, роботтандыру және т.б., барлығын бір кәсіптік бағдар беру тренингіне қалыптастырды. Аталған тренингтер Алматының 30 мектебінде сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Бұл тренингтің мақсаты-ертең болашақ ұрпақ өз қажеттілігі үшін өзекті мамандықтарды таңдауы. Тренингтердің бірінші кезеңін қамту 3000 оқушыны құрады.

Қазақстан Республикасындағы медиацияның дамуы

Қазақстандық медиация қарқын алып келе жатыр. Сондықтан Қазақстандағы медиацияның даму перспективалары және қолдану салалары туралы айту қажеттілігі байқалады. 22 желтоқсанда Алматыдағы қалалық Достық үйінде өткен «Қазақстан Республикасындағы медиацияны дамыту» конференциясының мақсаты да осы.

Іс-шараны «Халықаралық келіссөздер академиясы» Қауымдастығы» ЗТБ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің республикалық жобасы шеңберінде бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ІСКЕ асыруда. Конференция спикерлері – «Халықаралық келіссөздер академиясы қауымдастығы» ЗТБ сарапшылар тобы – Қалмұхамбетов Сабыржан Қайыржанұлы – «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығының төрағасы, сертификатталған жаттықтырушы-медиатор; Нурлыбеков Азамат Клышұлы – төрағаның кеңесшісі, Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының мүшесі, IPMA «Level А» жоғары басқару деңгейіне  сертификатталған.

Шараға қатысушылардың қатарында Алматы қаласы ҚХА ЭМО және қоғамдық құрылымдарының белсенділері, «Қоғамдық Келісім» КММ басшылығы мен мамандары, өңір медиаторлары болды.

Қазіргі таңда республика бойынша медиация орталықтарының желісі кеңінен дамыған, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлерінде медиация кабинеттері ашылып, медиация кеңестері жұмыс істейді.

Конференция барысында дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі болып саналатын медиация туралы жан-жақты ақпарат берілді. Бейтарап тараптың қатысуымен дауларды шешудің тәсілі азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастар бойынша дауларда, сондай-ақ ауыр емес және орташа қылмыстық істерде қолданылады.

Сарапшылар тұрғындардың түрлі топтары арасында «Медиация туралы» Заңды түсіндіру, медиацияны қолданудағы негізгі проблемаларды анықтау және тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

            Қатысушылар белсенді түрде өз пікірлерімен бөлісіп, даулы мәселелердің сәтті шешілу жолдарын мысалдар келтіріп, жалпы медиацияның дамуына ықпал ету және қоғам мен жастарды ақпараттандыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Обратная связь

Ваш голос важен: дайте нам знать, чтобы мы могли улучшиться!

Skip to content