«Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир

2024 жылғы 28 ақпанда Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы үшін «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорты бойынша жалпықалалық турнир ұйымдастырып, өткізді.

          Шараны тележүргізуші және танымал блогер Иван Червинский жүргізді.

          Турнирді аша отырып, Алатау ауданының әкімі Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков мүмкіндігі терең, өзіндік ерекшеліктері бар, мәдениет пен білімнің аса маңызды аспектілерімен тарихи сабақтас ұлттық ойындарды жаңғырту мен насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қытай халықтары Спартакиадасының екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2008), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны Қанат Ислам құттықтау сөз сөйледі.

          Республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті, Алматы қаласы бойынша «Тоғызқұмалақ» федерациясының президенті Әкім Тұрсын өз сөзінде мұндай ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі құралы екендігіне тоқталды. Олар ақыл-ойдың, мінездің, ерік-жігердің, тапқырлықтың, т.б. дамуына үлкен әсер ететінін атап өтті.

          Мұндай дәстүрлі ойындарды өткізудің мақсаты – тарихи-мәдени, атап айтқанда этномәдени дәстүрлерді жаңғырту, өз халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ата-бабаларының мәдениетіне құрметпен қарау, туған еліміздің өз халқының мәдениетіне деген қызығушылық, патриоттық көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

          Турнир Алматы қаласы Алатау ауданы мектеп оқушыларының инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Оған қала мектептерінен 32 оқушы қатысты (әр ауданнан 4 оқушыдан). Бұл турнирге Алматы қаласы «Тоғызқұмалақ» федерациясының төрешілері төрелік жасады. «Тоғызқұмалақ» ойыны швейцариялық жүйе бойынша жылдам әдіспен 5 айналымнан тұрды.

          Турнирге қатысушылардың барлығына Алматы қаласының ҚХА кубоктары (жүлделі орындар), дипломдар мен алғыс хаттар, ақшалай сертификаттар және Ассамблея атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

          Ұлдар арасындағы жеңімпаздар:

1 орын ШӘКІРМАМАТОВА АЯНА (№118 мектеп-гимназия)

2 орын КӨПСЕКБАЙ МЫРЗАТАЙ (№201 мектеп-гимназия)

3 орын РАХМАНОВ МИРАН (№10 ОМ).

Қыздар арасында жеңімпаздар:

1 орын АМРАЕВА АЙЛЯ (№118 мектеп-гимназия)

2 орын ҮСЕНОВА АМИНА (№153 мектеп-гимназия)

3 орын МАЛЫШЕВА ВИКТОРИЯ (№10 ОМ).

          Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруге ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастырып, тұрақты негізде көптеген жұмыстарды атқаруда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Қоғамымыздың ең өзекті мәселелерінің бірі – азаматтық қоғамның қатысуынсыз шешілмейтін сыбайлас жемқорлықпен күресу міндеті. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
2024 жылғы 5 ақпанда қалалық Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысы өтті. Жиын модераторы Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Оспанов Болат Мұсақажыұлы болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басқармасының басшысы Сәлімбаев Қанат Әсембайұлы; «Филиа» Қазақстан грек қоғамдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Иорданиди Георгий Константинович; Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Алматы қалалық отбасы істері және гендерлік саясат комиссиясының мүшесі, отставкадағы полиция полковнигі, кәмелетке толмағандар саясаты саласындағы белгілі маман – Шопшекбаева Айгүл Шопшекбайқызы; «Қазақстандық дүнген қоғамы» РҚБ төрағасы, Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі – Воинце Әбубәкір Вайсырұлы; «Ариана» этномәдени орталығы төрағасының орынбасары – Мохаммад Даут, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысты.
      Кездесу нәтижелі болды. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру мәселелеріне тарту маңызды екенін атап өтті. Жиынға қатысушылар осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Шара соңында ҚХА өкілдері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі іс-шаралар кешенін ұсынды.

Обратная связь

Ваш голос важен: дайте нам знать, чтобы мы могли улучшиться!

Skip to content