2025 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласындағы Дүнген мәдени орталығының Аналар кеңесі қарттар, мүгедектер мен зейнеткерлерге арналған «Алтын ғасыр» пансионатында тұратын ардақты ата-әжелерімізді Қарттар күнімен құттықтады!
Қазақстанда жыл сайын 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі — бұл аға буынға өмір жолы, еңбегі мен даналығы үшін алғыс білдіретін ерекше күн.
Осы күні мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табысталды, жылы лебіздер айтылып, ән шырқалып, көңілді әңгіме-дүкен құрылды. Қолмен және үлкен сүйіспеншілікпен дайындалған ет қосылған нарын, үй тәттілері мен салаттар дастарханның сәнін келтірді.
Ата-әжелеріміздің жүрекжарды алғысын естіп, ақ баталарын алу – ерекше қуаныш болды. Осындай кездесулер жүректерді жылулыққа бөлеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады!

«Ассамблея народа Казахстана: этнокультурное многообразие и сохранение традиций»
10 октября 2025 года в городском Доме Дружбы профессор Шаймерденова М.Д. провела лидерскую лекцию на тему: «Ассамблея народа Казахстана: этнокультурное