9 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық форумы өтті. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Форум жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ахатай Б.О., Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Есенбеков А.Р., Алматы қаласы мәслихатындағы «Ынтымақ» депутаттық тобының жетекшісі Джузеева К.У., Алматы қаласы полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова С.А., өңірлік Аналар кеңесінің төрағалары мен кураторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқа да қонақтар қатысты.
Іс-шара қоғамдағы аналардың рөлін нығайтуға және ұрпақтар арасындағы тәжірибе алмасуға бағытталды. Форум өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді сақтау және әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу бойынша ашық пікір алмасу алаңына айналды. Қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Салауатты сана» арнайы жобасын жүзеге асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, есірткімен күрес және оның профилактикасы, вандализм мен ысырапшылдықпен күрес мәселелерін талқылап, өңірлердегі тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерге де тоқталып, олардың Аналар кеңесінің қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Форум аясында Республикалық Аналар кеңесі мен «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры арасында өзара түсіністік пен әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шара соңында Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктер жанындағы Аналар кеңесінің жетекшілеріне Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Шанаи атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Анаға құрмет» музейіне экскурсия – әйел мен аналыққа деген құрметтің символы
9 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық форумы өтті.