9 қыркүйек күні Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық форумы өтті.
Рухани-адамгершілік бағыт аясында «Анаға құрмет» музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Өңірлік Аналар кеңесінің өкілдері Қазақстан тарихында, мәдениеті мен қоғамдық өмірінде әйелдің алатын орны мен рөлін көрсететін экспозициямен танысты. Музей аналық, отбасылық құндылықтар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеу тақырыптары қозғалған шабыттандыратын кездесудің алаңына айналды.
Сол күні Алматы қалалық ҚХА Аналар кеңесінің естелік көрме бұрышының ашылуы өтті. Онда әртүрлі этностарға тән әйелдердің бас киімдері қойылды. Сонымен қатар, қонақтарға ананың жүрек күшін, анаға деген құрмет дәстүрін және әйелдің отбасының ұйытқысы ретіндегі маңызын білдіретін әдемі ақ орамалдар сыйға тартылған «Ақ орамал» акциясы өтті.
Іс-шараға қатысушылар мұндай кездесулер рухани құндылықтарды нығайтуға, отбасыға, ата-анаға және ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді деген сенім білдірді

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық форумы өтті.
9 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Ана жүрегі – бейбіт өмірдің кепілі» атты республикалық