Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қызметі жайлы ақпарат

Қазақстан халық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халық Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтің бұйрығымен құрылды. Қазақстан халық Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметі әртүрлі әлеуметтік топтарды, мемлекеттік емес ұйымдарды қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті құру мен күшейту үрдісіне тартуға, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, қайырымдылықты, делдалдықты және қоғамдық басқару жүйесін дамытуға бағытталған.

Алматы қ. Қоғамдық келісім кеңесінің қызметі үш бағытты шешуге бағытталған:

Бірінші бағыт:

Қаладағы әлеуметтік және басқа жанжалдарды алдын алу мен шешу, қала тұрғындары арасында наразылық көңілдерін саралау мен санын төмендету.

Бірінші бағыт бойынша ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі келесілермен өзара әрекеттеседі және қызметтеседі:

1) Алматы қ. Республикалық Достық үйінің негізіндегі, ҚР Президентінің РКМ «Қоғамдық келісім» Медиация кабинеті.

«Қоғамдық келісім мен бірлікті күшейтуде медиацияның рөлі туралы», «Әлеуметтік, еңбек даулары мен жанжалдары: түп негізі, көрінісі, алдын алу немесе оқшаулау тәсілдері», «Мектеп ортасындағы жанжалдарды алдын алу тәсілдері» тақырыптарына жүйелік негізде презентациялар, семинарлар мен тренингтер өткізіледі, «Жастар арасында жанжалдарды алдын алу мен шешу» тақырыбында ЖООның негізінде студенттер жастары арасында семинарлар өткізіледі, «Делдалдықтың тәсілдері мен түрлері, діниаралық жанжалдар» тақырыбында имамдармен бірге семинарлар өткізіледі.

Этномәдени бірлестіктердің кәсіби емес медиаторлары өткізетін медиацияларының сапасын көтеру мен дау-жанжалдарды сәтті шешу мақсатында, медиаторлар үшін,  «Халықаралық құқыққорғау орталығы» ҚҰ директоры – медиатор Ж.Жакуповамен бірге үйретуші семинарлар өткізілуде. Диалогтық алаңды құру мен өзекті мәселелерді талқылау, медиация механизмдерін қолданып оларды шешу жолдарын табу мақсатында МЕҰ, Алматы қ. ҚХА Аналар кеңесі, жергілікті атқарушы органдар, сот, құқыққорғау, мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу бойынша Алматы қ. «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Алматы қ. Мәслихат депуттарының қатысуымен «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлемелеріне тұрғындарды қабылдауды ұйымдастыру жүзеге асырылуда.

Қазіргі сәтте медиация кабинетінің Алматы қ. ҚХА ҚКК мүшелерімен біріктірілген тәжірибелік жұмысты ұйымдастыру бойынша мәселе шешілуде: тұрғындарды біріктіріп қабылдау, өтініштер бойынша медиация өткізу, этномәдени бірлестіктермен, ҚХА қоғамдық құрылымдарымен, медиаторлар ұйымдарымен өзара әрекеттестік.

2) Алматы қаласының мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара әрекеттестік:

Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің, еңбек ұжымдарына бару арқылы, қала тұрғындарын ақпараттандыруды жүзеге асыру жоспары аясында, Алматы қ. ҚХА ҚКК Алматы қ. кәсіподақтар одағымен бірге өзара әрекеттеседі қызметтеседі. Барлық ірі стратегиялық маңызды мекемелерде, ұйымдарда, ЖООда және мектептерде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері жасалды. Жылдың аяғына дейін қамту 50 еңбек ұжымдарынан кем емес. Ұйымдарда ҚР жаңа Еңбек кодексі мен «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамасының өзгерістерін түсіндіру жайлы 20-дан астам кездесулер өткізілді.

ҚХА ҚКК мүшелері үшін еңбек заңнамасының құқық қолдану тәжіребесі жайлы, ұйымдарда өндіріс кеңестері мен келістіруші комиссияның қызметі мен оларды жасау жайлы, келіссөздерді жүргізу жайлы, медиацияның көмегімен дауларды шешу жайлы 5 семинар өткізілді. Еңбек ұжымдарында ең өзекті мәселелер қарастырылды. Олар ең алдымен, материалдық көмек, басқа мамандық бойынша дипломдары бар қызметкерлер мен жұмысшыларды бейімдеу және жұмысқа орналастыру.

Ұйыдарда еңбек заңнамасын сақтауға, соның ішінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техинакасын сақтауға қоғамдық басқару жүзеге асырылып жатыр. Кәсіподақ комитеттері Алматы қ. ҚХА ҚКК бірге еңбек жанжалдарын сотқа дейін алдын алу мен шешу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, Алматы қ. Достық үйінде Медиация кабинетінің әдістемелік рәсімдеуін жасаған, мемлекеттік қызмет ету мен жемқорлыққа қарсылық Агенттігінің Департаментісімен, «Альтернатива» медиация мен бітімгершілік орталығы» ҚБ директоры, Данилина Анна Викторовнамен, Алматы қ. бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» директоры, Родионова Ирина Трофимовнамен, «Халықаралық құқыққорғау орталығы» Қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, Заманбекова Аида Орысбаевнамен, «Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры, Братенков Александр Ивановичпен қызметтеседі.

Екінші бағыт:

Алматы қ. этномәдени бірлестіктерімен өзара әрекеттесу мен қызметтесу.

Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің тиімді жұмыс жасау мақсатында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арасында диалогтік алаң ретінде, 2 жұмыс топтары жасалды:

1) мемлекеттік органдармен, құқыққорғау органдарымен, ҰҚКД, Алматы қ. ІІМ өзара әрекеттесу бойынша. Жұмыс тобының аса маңызды бағыттарының бірі – бұл жастарды, моральдық-өнегелілік пен мәдени құндылықтарға негізделген, отансүйгіштілікпен тәрбиелеу. Экстремизм мен терроризмді қабылдамайтын сана-сезімді қалыптастыруға бағытталған жұмыстарға, электронды және баспа БАҚ, соның ішінде Интернет-ресурстарындағы жастарды тарту. Күрделі әлеуметтік топтарды қадағалауды күшейту.

2) мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс атқару бойынша жұмыс тобы. Топтың жұмысы Алматы қаласының этномәдени бірлестіктер қызметінің институционалдық және қаржылық тұрақтылығына бағытталған. Оның қызметі мемлекеттік тендерлерге қатысу арқылы, әлеуметтік тапсырыс беру мен гранттар арқылы, Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің қайырымдылық қызметін дамыту арқылы жүзеге асады.

Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен өзара әрекеттесу мен қызметтесу.

Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен тығыз өзара әрекеттесу арқылы, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған, бірнеше жобалар жүзеге асуда. Алматы қ. ҚХА қайырымдылық бағытында Алматы қ. ҚХА Аналар кеңесімен қарым-қатынас жасайды. Өзара бірігіп қаланың 8 ауданынан көпбалалы, дәулетсіз, әлеуметтік мұқтаж отбасылар қатарынан 2000-нан астам балалардың дерекқоры құрылды. Сонымен қатар жалғыз тұратын әлеуметтік көмекке мұқтаж ардагерлер, зейнеткерлердің дерекқоры құрылды. Және де Алматы қаласының орта және ірі бизнес қаржы институттары қатарынан дерекқор құрылып жатыр.

Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірге және Алматы қ. ҚХА Аналар кеңесінің көмегімен Алматы қаласының студенттері қатарынан «ОҚУ ЖАРЫҚ ШЫРАҒЫ» волонтерлік орталығы құрылды, бұл волонтерлік қозғалыс Алматы қ. ҚХА Аналар кеңесі мен ҚХА ҚКК активінің мүшесі – Ольга Сергеевна Колесникованың жетекшілігімен құрылды.  Орталықта Алматы қ. ЖОО студенттері волонтерлік қызметтің қағидаларына сүйене отырып, ата-ананың қамқорысыз қалған және мүмкіндіктері шектеулі балаларға саналы түрде және риясыз көмек көрсетіп, факультативтер арқылы білім беру сапасын жақсарту. Факультативтер аптасына 2 рет Алматы қаласының балалар үйі мен жасөспірімдерді бейімдеу орталықтарында өтеді.

«Қарттар күні» акциясы аясында  Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі және ҚХА жанындағы Аналар кеңесі өзара бірігіп, және Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен демеуші ретінде  «Delta Bank» АҚ тапты. Қайырымдылық акция өткізу және Алматы қ. 8 аудандарындағы жалғыз тұратын және мүмкіндікетрі шектеулі зейнеткерлерге 50 азық-түлік себетін сатып алу мақсатында демеушіден 250000 теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі Аналар кеңесі көмек сұраған жеке отбасылар мен тұрғындардың мәселелерін шешеді.

Үшінші бағыт:

Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобалар мен бағдарламаларды қолдап, дамыту.

Тұрғындарды құқықтық сауаттандыру және мүмкін болатын әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында этномәдени бірлестіктер арасында, еңбек ұжымдарында, қала кәсіпорындарында жаңа қабылданған заңдарды түсіндіру семинарлары, кездесулер, лекциялар өткізілуде. 5 институционалды реформалар аясындағы заңдар және Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «100 нақты қадам» ұлт жобасы, «Стратегия-2050», ҚР Конституциясының жобасы, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы, «ҚР Еңбек заңнамасы», «ҚР зейнетақы жүйесінің реформасы», «Бірыңғай салық декларациясы», «Қазақстандағы жер реформасы».

Өзінің құзыреті аясында Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды, жергілікті орындарда мемлекеттік органдармен әлеуметтік-экономикалық дамыту іс-шараларының өткізілуін қоғамдық бақылап, тұрғындар мәселелерін қарастырады.

Жергілікті тұрғындар мүдделерін толыққанды ескеру үшін, Алматы қ. 8 ауданында ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі құрылған, және олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып, қиын мәселелерді шешеді, соның ішінде азаматтардың сұрауымен. Сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық пен аймақты жайландыру бойынша бірлескен іс-шаралар, тұрғындар жиналысын өткізуде, жергілікті орындарда медиаторлармен жұмыс істейді, қоғамдық маңызды жобаларды демейді.  

Тоқсан сайын Алматы қ. ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі аудандық Қоғамдық келісім кеңестеріне барып, жиналыс ұйымдастырады. Ол жерде қиын мәселелер қаралып, аудан ҚХА ҚКК төрағалары мен мүшелерінің есеп беруін қабылдайды.

Алматы ҚХА ҚКК практикалық қызметі БАҚ-ның назарынан тыс қалмайды. Біз «Вечерний Алматы», «Казахстанская правда» газеттеріне, «Алматы», «24KZ» телеарналарына, «Kazinform.kz», «bnews.kz» интернет-көздеріне және басқа да БАҚ өкілдеріне алғысымызды білдіреміз

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының

Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық

Форумында 2015 жылы 17 қазанда мақұлданды

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің

ҮЛГІ ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

 

  1. Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Алматы қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
  2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
  3. Кеңес құрамы Кеңесте ардагерлер, аналар, жастар істері бойынша кеңестердің, шығармашылық одақтардың, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің міндетті өкілдігінің болуы есепке алына отырып, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан қалыптастырылады.

Кеңес құрамы Алматы қаласынының Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесімен бекітіледі.

  1. Кеңес төрағасын Кеңес мүшелері оның жиналысында сайлайды. Кеңес төрағасы болып беделді қоғамдық қайраткері немесе белсенді қоғамдық-саяси ұстанымы бар тұлға сайлануы мүмкін.

Алматы қаласы Кеңесінің төрағасы Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің құрамына кіреді.

 

2.Кеңестің міндеттері мен функциялары

 

  1. Кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады.
  2. Кеңес келесі функцияларды орындайды: 

1) қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту;

4) ардагерлер, кәсіподақ, жастар бірлестіктерін және басқа да қоғамдық ұйымдарды қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттауға және іске асыруға тарту;

5) әлеуметтік мәселелерді болдырмауға және алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына  беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде тәжірибелік іс-шараларды іске асыруға қатысу;

6) жергілікті жерлерде қайырымдылық, медиация және қоғамдық бақылауды дамытуға көмектесу.

 

  1. Кеңестің өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2) Кеңес отырыстарында Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

3) Кеңес құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында жұмыс топтарын және комиссиялар құруға;

4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

 

  1. Кеңес қызметін ұйымдастыру

 

  1. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиілетпей өткізіледі.
  2. Кеңес отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болады.
  3. Кеңес шешімдері отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. 
  4. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшесі болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
  5. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес қызметін басқарады және оның отырыстарына төрағалық етеді;

2) күн тәртібін айқындайды және Кеңес отырыстарының хаттамасына қол қояды.

  1. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасар атқарады.
  2. Кеңес хатшысы:

1) Кеңес Мүшелеріне отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды;

2) Кеңес отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3) Кеңес отырыстарының хаттамасын рәсімдейді;

4) Кеңес төрағасына қабылданған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

5) Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Кеңес хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

  1. 15. Алматы қаласыныңКеңесінің жұмыс органы өңірдің Алматы қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы болып табылады.

Аудан, аудандық маңыздағы қала, ауылдық округ және кәсіпорын Кеңесінің жұмыс органын облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Қазақстан халқы ассамблея хатшылығы мен тиісті әкім немесе кәсіпорын басшысы бірге анықтайды.

Кеңестің жұмыс органы:

1) Кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) Кеңес құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізеді;

3) Кеңес қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. Жергілікті атқарушы органдар Кеңес жүктелген міндеттерін орындауда оған жәрдемдеседі.

 

 

Алматы қ. ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің

ҚҰРАМЫ

 

 

1.      11 Ни

Любовь Августовна

Мемлекеттік Республикалық кәріс музыкалық комедия театрының директоры
2.        Абдалиева

Маргарита Абубакировна

Алматы қ. ҚХА ҚКК мүшесі
3.        Мамсуров

Казбек Владимирович

«Ирныхас» Осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы
4.        Кобеева

Алтынай Орманкалиева

«Ақпараттық-қорлық орталық» ҚҚ директоры
5.        Ниязова

Нурия Исмагиловна

Алматы қ.ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығынығ төрағасы
6.      111 Телегусов

Махмут Утегенович

«Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасының орынбасары
7.        Касанов Усеин Исмаханович «Ахыска» түрік ұлттық орталығының төрағасы
8.        Алшанов

Рахман Алшанович

Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, «Туран» білім беру корпорациясының президенті
9.        Васток

Ахмадулла

Алматы қ. «Ариана» ауған орталығының орынбасары
10.    Кан

Георгий Васильевич

Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары
11.    Лукашев

Всеволод Анатольевич

Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы

12.    Мамедгасанов

Эйбаз Иманбердиевич

Әзірбайжан «Озан» бірлестігінің төрағасы
13.    Шихотов Владимир Семенович Жетісу Казактары одағының төрағасы
14.    Касимов

КазахбайТаштемирович

«Ахыска» түрік ұлттық орталығы төрағасының орынбасары
15.    Оспанова

БахытАхметкалиевна

Марат Оспанов атындағы ҚҚ президенті
16.    Глазкова Тамара Афанасьевна ТОП «Алматы кәсіподақтар одағының» төрағасы
17.    Мирхамитқызы

Фарида

 

ЖШС «Ерке нур» бас директоры, Алматы қ. Маслихатының депутаты.

Көмекшісі Гулим – 87781282927, 2493611, 2493249.

18.    Данилина

Анна Викторовна

ҚБ «Альтернатива» Медиация және бітімгершілік орталығының» президенті
19.    Колесникова Ольга Сергеевна «Алматы» университетінің 3 курс студенті
20.    Серазетдинов

Александр Дугласович

«DICOSTA TECHNOLOGIES LTD», «COMPUTER SERVICE LTD» компаниясының президенті
21.    Аспамбетов

Ермухан

Полковник, тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша Алматы аймақтық гарнизон басшысының орынбасары.
22.    Таубалды Сагатулла Усенбаевич Алатау ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Алатау ауданының Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

23.    Омаров

Шавкат Ниязович

Әуезов ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Алматы қ. Маслихатының депутаты

24.    Шалабаев Кусман

Каримович

Алмалы ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Алмалы ауданыныңс өзін-өзі басқару мәселелері бойынша үйлестірушісі;

Алматы қ. Маслихатының депутаты

25.    Байрамуков Ислам Ильясович

 

Бостандық ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Алматы қ. Маслихатының депутаты

26.    Парсалиди Светлана Анатольевна Жетісу ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Жетісу ауданының Көп балалы аналар кеңесінің төрағасы

  Миразова

Аягуль Тореевна

Медеу ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Ы. Алтынсарин атындағы №159 Гимназияның директоры

27.    Кушербаев

Куаныш Мухтарбекович

Наурызбай ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Наурызбай ауданы акімінің кеңесші үйлестірушісі

28.    Петрухин

Дмитрий Иванович

Түрксіб ауданының ҚХА ҚКК төрағасы;

Алматы қ. Маслихатының депутаты;

«Байкерлер ассоцияциясын» ҚБ төрағасы

 

 

  1. 1. Алматы қ. ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің Алматы қ. мемлекеттік, құқыққорғаушылық органдарымен, ҰҚКД, ІІМ өзара әрекеттестік бойынша жұмыс тобы
  2. Мамсуров Казбек Владимиров – топ жетекшісі

2.Кан Георгий Васильевич

3.Васток Ахмадулла

4.Мамедгасанов Эйбаз Иманбердиевич

  1. Исмамбетов Ермухан
  2. Шихотов Владимир Семенович
  3. Телегусов Махмут Утегенович

 

  1. Алматы қ. ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің Алматы қ. мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара әрекеттестік бойынша жұмыс тобы

1.Ниязова Нурия Исмагиловна – топ жетекшісі

  1. Глазкова Тамара Афанасьевна
  2. Данилина Анна Викторовна
  3. Колесникова Ольга Сергеевна
  4. Сиразетдинов Александр Дугласович
  5. Лукашев Всеволод Анатольевич