Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметі жайлы ақпарат

 Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қ. әкімінің 01.08.2014ж. №3/638 Қаулысымен құрылды. Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ кадрлық құрамы 21 адамнан құралған. Мекеме 4 бөлімнен тұрады: Әкімшілік-қаржы бөлімі – 8 адам; ЭМБ жұмыс істеу бөлімі – 3 адам; Әдістемелік-талдау бөлімі – 4 адам; Мәдениет, дәстүр және тілдерді зерттеу бөлімі – 3 адам; Директор және баспасөз хатшысы. Қалада 34 этномәдени бірлестік қызмет жасайды. Этномәдени бірлестіктер қызметінің негізгі мақсаты этностардың ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық тіл мен мәдениетін қолдап, дамыту болып табылады.    

Этномәдени бірлестіктердің негізгі практикалық міндеттерінің бірі – туған тілді зерттеп, оның қолданылу саласын кеңейту. Осы мақсатта 12 этномәдени бірлестікте жас буын мемлекеттік және туған тіл, этностың тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттейтін жексенбілік мектептер қызмет жасайды.

Алматыда тұратын этностардың тарихи және мәдени мұрасын сақтау үшін, этномәдени бірлестіктердің негізінде 19 шығармашылық ұжым қызмет жасайды.

Мекемемен қала Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету, этномәдени бірлестіктер мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясы міндеттерін орындауға бағытталған жұмысына қолдау көрсету. Мекеме қызметінің мақсаты ұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту, қала Ассамблеясы ұйымдастырушылық, қаржы және материалды-техникалық қамтамасыз ету қызметінің тиімді жүйесін құру, қоғамдық, ғылыми-талдау, ақпараттық жұмыс жүргізу болып табылады. «Қоғамдық келісім» мекемесі этномәдени бірлестіктердің тіл, мәдениет, салт-дәстүрді үгіттеу, Ассамблея мақсаты мен міндетін орындауға бағытталғани қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастыру жұмысына жағдай жасайды, қала Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің, қала ҚХА Ғылыми-сараптама  тобының, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің, Ассамблея Депозитариінің, «Жарасым» жастар бірлестігінің қызметін қамтамасыз етеді, «Ынтымақ» партияаралық ынтымақтастық депутаттық тобымен Алматы қаласы маслихатының қоғамдық және этносаралық келісім мәселесі бойынша қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. 2014-2016 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА өкілдері және этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 3000-нан астам іс-шара өткізілді. 2014 жылы электронды және баспа БАҚ-да 243 материал жарияланды. 2015 жылы электронды және баспа БАҚ-да 386 материал жарияланды. 2016 жылы электронды және баспа БАҚ-да 400-ден астам материал жарияланды.  

Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері жыл сайын оқу және кәсіби деңгейді көтеру, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы (Алматы қ. Ішкі саясат басқармасы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Ұлағат» Халықаралық инновациялық білім беру орталығы, Халықаралық құқық қорғау орталығы) тренинг пен семинарларға қатысу арқылы дайындық және қайта дайындықтан өтеді.