Әдістемелік-талдау бөлімі

Әдістеме-талдау бөлімі «Қоғамдық келісім» Коммуналды мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде ҚР Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативті актілерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңын, Алматы қ. әкімдігінің қаулыларын, директор бұйрықтарын, басқа нормативті-құқықтық актілерді және Алматы қ. әкім аппаратының  «Қоғамдық келісім» Коммуналды мемлекеттік мекеменің жарғысы мен әдістеме-талдау бөлімінің Ережелерін негізге алады.

Жалпы ережелер

  • Әдістеме-талдау бөлім жетекшісі «Қоғамдық келісім» КММ директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалып, босатылады;
  • Бөлім жұмысшыларын жұмысқа қабылдау, босату мен тәртіптік жазаларды салу «Қоғамдық келісім» КММ директорымен, директор орынбасарының және әкімшілік-қаржылық бөлімінің жетекшісінің келісімімен, жүзеге асырылады;
  • Міндеттерді бөлім жұмысшылары арасында бөлу лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес жетекшімен жүзеге асырылады;
  • Бөлім қызметі, Алматы қ. әкімі мен «Қоғамдық келісім» КММ директоры бекіткен, жылдық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады;
  • Бөлімнің қызмет нәтижелері жайлы есептілігі «Қоғамдық келісім» КММ директоры орнатқан нысандар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің функциялары

         Бөлімнің функцияларына келесілер кіреді:

  • Бөлімді жалпы басқаруды жүзеге асыру мен қызметтің стратегиясын құрастыру, «Қоғамдық келісім» КММ қызметінің басты мақсаттарына жету, соның ішінде ғылыми-талдаушылық, ақпараттық және әлеуметтік-бұқаралық жұмыстарды өткізу;
  • Алматы қаласының, кафедрасының және ҚХА орталығының, Алматы қ. ҚХА әлеуметтік келісім Кеңесі және қаланың басқа ҚХА құрылымдарының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының қызметтерін қамтамасыз ету;
  • Аймақтағы этносаралық қатынастардың жағдайы бойынша талдаушылық пен болжамды материалдарды дайындау бойынша ұйымдастыру және осы мәселе бойынша мониторинг жүргізу;
  • «Қоғамдық келісім» КММ басшылығының, қала әкімшілігі басшылығының, қала Ассамблеясы хатшылығының тапсырмасы және мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша мемлекеттік этносаясат мәселелері жайлы ақпараттық-талдаушылық материалдар мен мәлімдемелерді дайындау бойынша ұйымдастыру;
  • Қала Ассамблеясының ағартушылық қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру, үйретуші семинарлар мен тренингтерді өткізу;
  • Мемлекеттік этносаясат, этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясын зерттеу, олардың қазіргі жағдайын талдау, олардың дамуын болжау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау аясында ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды өткізуді ұйымдастыру;
  • Қаланың Ассамблеясының, этносаралық және конфессияаралық қатынастар аясында, қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-әдіскерлік және ақпараттық әдебиетті әзірлеу бойынша ұйымдастыру қызметі;
  • Ғылыми мақаларды, монографияларды, оқу құралдары мен т.б. баспалауды және қала Ассамблеясының баспа қызметін, қала Ассаблеясының қызметінің бағыттары бойынша басқа ақпараттық материалдарды жасауды ұйымдастыру;
  • Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бағыттары бойынша семинарларды, конкурстарды, конференцияларды және басқа іс-шараларды өткізу бойынша ұйымдастырушылық жұмыс.

Бөлім жұмысшыларының жауапкершілігі

Бөлім жұмысшылары келесі үшін жауапты:

  • Бөлімге жүктелген мақсаттар мен міндеттерді орындаудың сапасы мен уақтылығы үшін бар жауапкершілікті бөлім жетекшісі көтереді;
  • Бөлім жұмысшылары электронды және видео материалдардың түгелдігі үшін жауапты және, жұмысшының жоқ болу немесе босатылу кезінде, материалдарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша өткізуді қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін жеке жауапкершілікті көтереді.