Этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімі

Этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бөлімі Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңын, Алматы қ. әкімдігінің қаулысын, директордың бұйрықтарын, Мекеменің өзге нормативтік-құқықтық актілері мен жарғысын басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі қызметі: қала Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету; этномәдени және басқа қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстарда қолдау көрсету; ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту; қала Ассамблеясы ұйымдастырушылық қызметінің тиімді жүйесін құру, оның қоғамдық жұмысын жүргізу; семинар,  конференция, дөңгелек үстел және қала Ассамблеясы қызметі бойынша басқа іс-шаралар өткізу; қала Ассамблеясының халықаралық қарым-қатынасын, оның халықаралық және басқа іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру; қала Ассамблеясының қарым-қатынасы жайлы меморандум мен келісімдерді орындау аясындағы жұмысты ұйымдастыру; мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру.