Алматыда Тәуелсіздік мерекесіне орай Ассамблея мүшелері марапатталды

By | December 12, 2018

2018 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласындағы Достық үйінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ақын, жазушылар мен ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар қатысты. Алғашқы құттықтау сөзімен Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Балғымбаев Назар Албанұлы дөңгелек үстел жұмысын бастады.

Қатысушылар ел Тәуелсіздігіне байланысты келелі пікірлерін білдіріп, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті. Баяндамашылар Алматы қалалы Мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Байрамуков Ислам, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Қайрат Құрманбай, ақын және журналист Аманғазы Кәрібжан, Алматы қаласы Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Мамыров Руслан Кыдырович, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, Дүнген этномәдени бірлестігінің мүшесі Сыздыков Серікбол Құсаинович баяндамаларын оқыды. Ары қарай Қазақстан Республикасы және оның Астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы, Питаленко Леонид Николаевич, Багаева Джульетта Герасимовна, Паттеев Шамшидин Әшенқожаұлы, Червинский Олег Чеславович марапатталады. Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Шинды Ильяс Шарипович, Кайрыев Рустам Абдусаламович, Кан Светлана Олеговна, Майсюк Анастасия, Анатольевна, Джафаров Аллаккулы, Сулиевич, Гудков Александр Витальевич, Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы марапатталады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында қайырымдылық және меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Байрамов Фаиг Әли Оғлы марапатталды. Басқада қатысушылар Ұлттық бірлік және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталады. Салтанатты ресми марапаттау аяқталған соң, мерекеге орай «Сәлем Қазақстан!», Қазтуған жыраудың «Қайран да менің Еділім», «Тәуелсіз қазақтың қызымын», «Туған жерім тамаша» әндері шырқалып, қонақтар жақсы көңіл күймен тарасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *