«Мы – дети твои, Казахстан!» атты Республикалық байқау өтті

By | November 22, 2018

2018 жылғы 22 қарашада Алматы қаласы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер арасында Республикалық «Мы – дети твои, Казахстан!» атты байқау өтті. Іс-шараның алғашқы құттықтау тілегі мен ашылу салтанатының алғы сөзін Республикалық әзірбайжан Қауымдастығының жетекшісі Хамедов Абульфаз Муслимович сөйледі. Байқау бірнеше номинация бойынша өтті. Әр түрлі ұлттық орталықтары өзінің шығармашылық өнерлерін көрсетті. Көрермендерге әдеби шығармалар мен әсерлі билер, әндер, халық аспаптарында виртуозды ойындар ұсынылды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *