Тарихи мұражайда венгр мәдени орталығының көрмесі ашылды

By | November 20, 2018

2018 жылғы 20-қарашада Алматы қаласының тарихи мұражайында венгр этномәдени бірлестігінің көрмесі ашылды. Көрмеде венгр ұлтының ұлттық киімдері, бас киімдері, ұлттық музыкалық аспаптары, халықтың дәстүрлі қолөнері мен тұрмыста қолданған ыдыс-аяқтары, әшекей бұйымдары қойылды. Көрмені венгр этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Паап ашты. Орталықтың дамуына, жаңаруына қажырлы еңбектерін аямай, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқаны үшін орталықтың белсенділеріне алғыс хаттар табысталды. Аталмыш іс-шараға Венгрия Елшілігінің Бас елшісі Тар Дердь арнайы шақырылған болатын. Ол өз сөзінде, венгр ұлтының ұлттық қолөнерін сақтап, халыққа таныстыруға мүмкіншілік бергені үшін ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, Алматы қаласы ХҚА төрағасының орынбасары, осетин этномәдени орталығының төрағасы К. Мамсуровқа ерекше тілегін айтты. Көрменің ресми бөлімінен кейін қонақтар көрмені тамашалады. Көрме 2018 жылғы 9 желтоқсанға дейін жұмыс жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *