«Шаңырақ» шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды

By | November 20, 2018

2018 жылғы 20 қарашада Astanaдағы Music Hall-да «Шаңырақ» этножурналистика шығармашылық байқауының республикалық кезеңінің жеңімпаздары, сондай-ақ елдегі үздік медиатор мен медиация кабинеті анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Ағымдағы жылы байқау жұмыстарында мемлекеттік рәміздер мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға, мемлекеттік тілді, Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға арналған тақырыптар көрініс тапты. Сондай-ақ этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған және этномәдени бірлестіктердің қызметін насихаттайтын материалдар қаралды.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко құттықтау сөз сөйледі.
Ол аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында дәстүрлі түрде өткізіліп отыратынын атап өтті.
Алматы қаласынан «Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мен насихаттауға арналған үздік материал» номинациясы бойынша бірінші орынды «Түркістан» халықаралық газетінің тілшісі Динара Желдібаева
Марапаттау рәсімі музыкалық қойылымдармен сүйемелденді. Ең жарқыны «Nomad» балалар ансамблінің биі болды, онда біздің еліміздегі достық, бірлік, бейбітшілік пен келісімді байқататын Қазақстан халқының ұлттық билері көрсетілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *