Жалпыхалықтық диктантқа Алматы қаласының этномәдени бірлестіктері қатысты

By | November 14, 2018

Жалпыхалықтық диктант «Қазақ» және «Шалқар» радиолары арқылы тікелей трансляция арқылы өтті. «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы диктант бір күнде, бір мезетте жазылады. Бекітілген диктант мәтіні 80-90 сөз аудиожазбалар арқылы таратылды. Ұзақтығы 30 минутқа созылды.
Мақсаты – латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу. Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.
Алматы қаласынан жалпыхалықтық диктантқа 120 мың адам қатысты. Оның ішінде жоғарғы оқу орындарының, колледждің оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, медицина саласының қызметкерлері бар. Олар диктантты өз оқу орындары мен мекемелерінің ғимараттарында жазады. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімі аппаратының, аудан әкімдері аппаратының және барлық қалалық басқарма қызметкерлері мен этномәдени бірлестіктің өкілдері диктантты Қазақ-Британ техникалық университетінің дөңгелек залында жазды.
Диктант қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтерді тілдерді дамыту басқармалары жанынан арнайы құрылған жұмыс топтары жасайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *