Республикалық бірыңғай медиация күні

By | August 3, 2018

2018 жылы 3 тамызда Алматы қаласы Достық үйінің баспасөз залында Республикалық бірыңғай медиация күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы мен Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ҚХА кафедраларының өкілдері, Алматы қалалық және аудандық соттарының, кәсіподақ өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Алматы қаласы прокуратура органдарының қызметкерлері, медиация орталықтарының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының өкілдері және басқалар қатысты.

Іс-шара аясында қалалық және аудандық соттар, прокуратура органдарының, Алматы қаласы ЭМБ өкілдері мен ҚХА құрылымдары өкілдерінің баяндамалары дайындалды. Сонымен бірге, іс-шара барысында, медиациялық көмекті қажет еткен қала тұрғындары, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды.

Баяндамалар Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің алғы сөзінен басталды. Ол қатысушылармен сәлемдесіп, медиацияның этносаралық дауларды реттеу құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Содан соң, сөз іс-шара модераторы: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Болысбек Заманбекұлына берілді. Болысбек Заманбекұлы іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдеріне тоқтап айтты.

Кейін сөз баяндамашылардың өздеріне берілді. Іс-шарада баяндамаларын ұсынғандар: Асиев Шахисмаил Ахметович – «Ахысқа» республикалық түрік этномәдени орталығы жетекшісінің орынбасары; Умбеталиева Камчат Мелис-қызы – Медеу аудандық сотының судьясы; Лукашев Всеволод Анатольевич – Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы; Сегізбай Ержігіт – кәсіби медиатор. Баяндамашылардың барлығы заманауи әлемдегі медиацияның маңыздылығына тоқталып, медиация қызметінің қағидаларын түсіндірді және өз жұмысы аясында медиация үрдісінің ерекшеліктерін атап шықты.

Баяндамалармен бірге, журналисттер мен БАҚ өкілдеріне арналған медиация бойынша мастер-класс ұйымдастырылды. Мастер-класс барысында медиация үрдісінің БАҚ аясындағы ерекшеліктері түсіндірілді.

Ары қарай бағдарлама бойынша, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдау басталды. Қабылдауды Медиацияны дамыту орталығының, прокуратура органдарының, кәсподақтардың және соттардың өкілдері жүргізді. Іс-шара барысында консультациялық көмекті алуға 12 азамат келді. Олардың барлығына еңбек даулары, сот шешімдерін жүзеге асырмау мәселесі, жер қатыснастары бойынша даулар, баспаналық даулар мен құқыққорғау органдарына арыздану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Жалпы іс-шараға 150 адам қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер, мекемелер қызметкерлері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, студенттер, мүгедектер және басқалара бар.

Іс-шара маңызды көмек алған азаматтардың алғыстарымен аяқталды.

Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарынан: «СТВ» және «Қазақстан» телеарналары, «Отан сақшысы», «Вечерний Алматы», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Ахыска», «Алтын көпур», «Егемен Қазақстан», «Уйгур Авази» газеттері және «KazInform» ақпараттық порталы қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *