«Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты жастар экспедициясы

By | June 14, 2018

2018 жылы 14 маусымда Қазақстанның Тәуелсіздік монументінде «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты жастар экспедициясы басталды. Экспидиция аясында жастар Республика алаңынан «Арбатқа» дейін жүрді.

Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров К.В., Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Балғымбаев Н.А., ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Алматы қаласы Достық үйінің жұмысынын қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі – Шаймуханбетова Ж.К., Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» РЖҚ Алматы қалалық штабының белсенді мүшелері және қала тұрғындары мен БАҚ тілшілері қатысты.

Іс-шара аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшелері велосипедпен Алматы қаласы бойынша «Қасиетті жерлер» тізіміне енген объекттерді: Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі мен Үкімет үйі (қазіргі ҚБТУ) ғимаратын аралап, Алматы қаласының тарихы музейінің ғылыми қызметкері Гүлмира Әлімғазықызы Біләлова аталған объекттерге қатысты орын алған қызықты оқиғалармен бөлісіп, тарихы жөнінде баяндап берді.

Шара соңында Арбат алаңында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды және Алматы қаласының Қасиетті жерлері мен Еліміздің тарихы туралы викторина ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлық ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының логотиптері бейнеленген жейделер таратылды.

Өз кезегінде, экспедицияның негізгі мақсаты қасиетті мұра болып табылатын тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау және насихаттау, жалпымәдени және рухани құндылықтар негізінде отансүйгіштік пен қазақстандық бірегейлікті нығайту және жастардың қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысуларын ынталандыру болып табылады.

Экспедиция барысын «Хабар», 24KZ, «Қазақстан», «Алматы», «Тәңритағ» телеарналарының, «Kazinform», «Tengrinews» ақпараттық агенттіктерінің, «DAZ» газетінің және т.б. БАҚ тілшілері жаңалықтарда таратты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *