Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған дөңгелек үстел

By | June 4, 2018

2018 ж. 4 маусымда Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен активінің, қоғам қайраткерлерінің және басқалардың отырысы мен сөз сөйлеулері өтті.

Іс-шараға Д.А.Қонаев атындағы ЕЗА Қоғамдық пәндер кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Б.З., Алматы қаласы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бас маманы – Кызгарин К.Б., ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент – Ананьева С.В., «Жас қадам» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының шәкіртақы алушысы – Ахметов М.А., ЭМБ жетекшілері мен активі, қоғам қайраткерлері және басқалар қатысты. Дөңгелек үстел модераторы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы болды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранынан және мемлекеттік рәміздер туралы бейнероликтен басталды. Содан соң, модератор – Жаннат Шарапханқызы қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәлемдесті және келесі сөзді Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі – Балғымбаев Назар Албанұлына берді.

Назар Албанұлы дөңгелек үстелге келгендерді мейраммен құттықтап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қысқаша ақпарат ұсынды. Ол рәміздер авторлары, мағынасы мен маңыздылығы туралы айтып берді. Содан кейін, сөз баяндамашыларға берілді.

Бірінші болып «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану бойынша ұлттық стандарттар» тақырыбына Алматы қаласы бойынша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бас маманы – Қызғарин Қоралбек Балтабекұлы сөз сөйледі. Әрі қарай сөз сөйлегендер: «Жастарды тәрбиелеудегі мемлекеттік рәміздердің рөлі» тақырыбына Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қоғамдық пәндер кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Болысбек Заманбекұлы; «Ұлттық бірыңғайлылық және егемендік – ҚР мемлекеттік рәміздерінің лейтмотиві» тақырыбына ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан жазушылары одағының мүшесі – Ананьева Светлана Викторовна; «Егемендік және мемлекеттілік атрибуттары арқылы жаңа қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру (ЖОО-да жұмыс тәжірибесінен)» тақырыбына Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты – Шаймерденова Мендығаным Джамалбекқызы; «Қазақстан Республикасының әскери қызметкерлерінің санасын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі» тақырыбына Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызмет академиясының Философия және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының бас оқытушысы – Белғожаев Дәурен Қуанышұлы; «Мемлекеттік рәміздер жастар арасында отансүйгіштік сезімді арттыру құралы ретінде» тақырыбына Жас қадам» жастар қоғамдық ұйымының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті қорының шәкіртақы алушысы – Ахметов Мади Абылайұлы.

Іс-шара соныңда №73 мектеп-гимназиясының оқушылары «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасының мектептермен жұмыс жасау бойынша үйлестірушісі – Юрченко Татьяны Владимировнаның ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған флеш-моб көрсетті. Қатысушылардың барлығы мемлекеттік рәміздердің ел мен халық өміріндегі және жастардың санасын қалыптастыру мен отансүйгіштік сезімін күшейтудегі маңыздылығымен келісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *