Халықаралық балаларды қорғау күні

By | June 1, 2018

2018 ж. 1 маусымда «Lumiera Cinema» кинотеатрында «Халықаралық балаларды қорғау күні» аясында Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің активі мен жетекшілері, қала тұрғындары мен қонақтары және басқалар қатысты.

1 маусым – Балаларды қорғау күні 1950 жылдан бері барлық елдерде атап өтіледі. Бұл балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі, сонымен бірге ата-аналарға балаларын жақсы көріп, ересектерге қамқорлық пен қорғау қажет екенін еске салуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл мейрам мүгедек балаларға мерекеде толықтай қуаныш сезінуге жағдай жасау мүмкіндігі болып табылады.

Іс-шара аясында балалар арасында сурет конкурсы өткізілді және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балаларға анимациялық фильм көрсетілді және «Unilever» компаниясынан тәттілер мен «Буратино» сусындары берілді.

Іс-шара Казбек Владимирович пен Жаннат Шарапханқызының сәлемдесу сөздерінен басталды. Олар балалар мен ата-аналарына қатысқаны үшін алғысын айтып, балаларға бақытты балалық шақ пен зор денсаулық тіледі.

Содан соң, балаларға «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасының мектептермен жұмыс жасау бойынша үйлестірушісі – Юрченко Татьяны Владимировнаның ұйымдастыруымен №73 мектеп-гимназиясының оқушыларынан ойын-сауық шоу бағдарламасы көрсетілді. Бағдарлама аясында мектеп оқушылары, әр түрлі жануарлар кейіпкерлерінің киімдерін киіп, балалармен бірге билеп, ән айтты. Шоу бағдарламасы балаларға көп күлкі, бақыт пен қуаныш әкелді.

Әрі қарай, балалар арасында сурет конкурсының жеңімпаздарына жүлделер мен мадақтамаларды беру рәсімі өтті. Конкурсқа Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің 90-нан астам балалары қатысып, нәтижесінде 16-сы жеңді. Жеңімпаздармен қатар оқу жылын үздік бітірген балаларда мадақтамалар мен жүлделерге ие болды.

Іс-шара аяғында балаларға адамнық ең жақын досының өмірі мен қызықты оқиғалары көрсетілген «Псы под прикрытием» киносы көрсетілді.

Іс-шара мереке, қуаныш пен бақыт атмосферасында өтті, балалар кинозалдан қуанышты көңіл-күйлерімен шықты, ал олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға керемет мереке жасағаны үшін алғысын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *