Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобы отырыстарының Бірыңғай күні

By | May 29, 2018

2018 жылы 29 мамырда Алматы қаласы Достық үйінде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобы отырыстарының Бірыңғай күні өтті.

Алғы сөзін Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының төрағасы, ҚР ҒБМ ҒК ФСДИ саясаттану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Шайкемелев Мухтарбек Сейд-Алиевич сөйледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық аудару бюросының бейнеролигін көрсетуден басталды. Бейнероликте әлемдегі тарих, философия, әлеуметтану, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және бизнес саласындағы ең үздік университеттерінің оқулықтары көрсетілді.

««Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық аспектілері» тақырыбында баяндамасымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, Түркмен қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің бас оқытушысы, экономикалық ғылымдар кандидаты – Аннакулиева Гульнар Атаевна шықты.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Бөлекбаев Сағади Байұзақұлы «Қазақстандық бірыңғайлықты қалыптастыруда жаңа оқулықтарды қазақ тіліне аударудың маңыздылығы» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жас қазақстандықтардың санасын жаңғырудағы рөлі туралы ҚР ҒБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі – Ешпанова Дина Далабайқызы айтып берді.

ҚР ҒБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының 2 курс магистрант-саясаттанушысы – Қалдыбай Айғаным «Қазақстан жастарының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы жаңа білім алу мүмкіндіктері» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

Сонымен бірге, отырыс аясында сөз сөйлегендер: Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ирныхас» осетин мәдени-ағартушылық орталығының төрағасы – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қытай мәдени орталығының төрағасы – Куан Вячеслав Сунамович және басқалар.

Іс-шараның қорытындылай келе Мухтарбек Сейд-Алиевич қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *