Monthly Archives: February 2018

«Білім – табысты болашақтың ең фундаменталды факторы»

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Білім – табысты болашақтың ең фундаменталды факторы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жайлы ақпарат   2018 жылдың 22 ақпаны күні Еуразиялық заң академиясында «Білім – болашақта табысты болудың ең іргелі факторы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Академия ректоры Ө.Ш. Өмірәлі кездесу барысында маңызды мәселелерді талқылауға дем салды. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы… Read More »

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері   Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық. Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына… Read More »

Неміс ЭМБ ҚР Президентінің Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстелі

2018 жылы 15 ақпанда Неміс үйінде ««Возрождение» Алматы немістер мәдени-этникалық қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «Возрождение» АНМЭҚ ҚБ төрайымы – Набокова Людмила Александровна, «Deutsche Allgemeine Zeitung» республикалық неміс газетінің бас редакторы – Клименко Олеся Сергеевна,… Read More »

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы» талқылау

2018 жылы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің акт залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы» талқылау бойынша отырыс өтті. Отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің, Алматы қаласы мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері және… Read More »

Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің жиыны

2018 жылы 14 ақпанда Алматы қаласы Достық үйінде Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау бойынша жиын өтті. Жиын модераторы Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы болды. Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – Ниязова Нурия Исмагиловна, Алматы қаласы әкімі аппаратының… Read More »

Әуезов ауданы мен Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестері өкілдерінің кеңесуі

2018 жылғы 9 ақпан күні Әуезов ауданы әкімшілігі ғимаратында Әуезов ауданы мен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері өкілдерінің кеңесуі өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын Әуезов ауданының тұрмыс жағдайы әртүрлі халқына мазмұндау және түсіндіру бойынша 2018 жылғы 9 қаңтар мен 9 ақпан… Read More »

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылау

2018 жылы 09 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылау өтті. Іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры – Сейдуманов Жанат Турарұлы, Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі – Кан Георгий Васильевич, этномәдени бірлестіктердің активі мен жетекшілері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры,… Read More »

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» дөңгелек үстелі

2018 жылдың 8 ақпанында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыбында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, ҚХА ҒСК мүшесі – Кан Георгий Васильевич, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі – Батталханов Болысбек Заманбекұлы,… Read More »