Monthly Archives: October 2017

«Менің елім» қазақ әндері конкурсының іріктеу сайысы

2017 ж. 28 қазанда «Көмектес» зағип жандар қоры Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көмегімен Алматы қ. мен Алматы облысының әр ұлттың зағиптары арасында «Менің елім» қазақ әндері конкурсының іріктеу сайысын өткізді. Конкурстың іріктеу сайысына бірінші және екінші топ мүгедектері, 5 ұлтттың 12 адамы құрамында қатысты.   Іріктеу сайысы әр ұлттың зағиптары арасында «Менің… Read More »

«Жаңғырту 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017 жылғы 27 қазан сағат Алматы қ. Достық үйінде «Жаңғырту 3.0: Рухани жаңғыру» тақырыбындағы экперттік кездесулердің жалғасы ретінде өңірлік дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар Алматы қаласы әкімдігі мен Еуразиялық интеграция институты (Астана) болыд. Дөңгелек үстел барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 негізгі жобаларының бірі, «Туған жер» жобасының Алматы қаласында жүзеге асырылу барысы талқыланды. Іс-шараға Еуразиялық интеграция… Read More »

«А.А.Розыбакиевтің өмірі мен қызметі»

2017 ж. 26 қазанда Алматы қаласындағы Достық Қазақстан ұйғырлары Республикалық этномәдени орталығының, мемлекеттік және қоғам қайраткері Абдолла Розыбакиевтің 120-жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «А.А.Розыбакиевтің өмірі мен қызметі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция тақырыптамасы Абдолла Ахметұлы Розыбакиевтің өмір жолын (1897–1938 ж.), мемлекеттік және қоғамдық қызметін, Жетісуда кеңес билігін орнатудағы оның үлесін, ұлттық газеттердің редакторы ретінде жұмыс жасау… Read More »

Қарттар айына арналған іс-шара

2017 ж. 20 қазанда Алматы қалалық Ардагерлер үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі Қарттар айына арналған іс-шара өткізді.   Осы іс-шараға Мәслихат депуттары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Бүгінгі күні, Ардагерлер үйінде 13 ұлттың 302 қарттары мен бірінші топ мүгедектері тұрады.   Мереке концерттік бағдарламадан басталды. Концертте… Read More »

«Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында: «100 нақты қадам» ұлт жоспары» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017 ж. 19 қазанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жолында: Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік және қоғам ұйымдарының, саяси партиялардың, мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, шығармашылық және білім беру ұжымдарының, этномәдени бірлестіктерінің, Қоғамдық кеңестің жетекшілері мен өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел… Read More »

Белорус этномәдени орталығының көрмесі

2017 жылы 19 қазанда Алматы тарихы мұражайында Белорус этномәдени орталығының көрмесі өтті. Іс-шараға, Белорус этномәдени орталығының төрағасы Войцеховский А.Н., Жетісу казактары одағының төрағасы өкілі, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шанин Б.К., «Ирныхас» осетин мәдени ағарту орталығының төрағасы Мамсуров К.В, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Көрмеге Белорус мәдениетін көрсететін ұлттық киімдер, ұлттық… Read More »

Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымдарының кездесуі

2017 ж. 18 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Н.Даулетова атындағы залда Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарий қызметінің аясында ҚХА мен ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымдарының қазақ тілі латын әліпбиіне өту мәселесі бойынша кездесуі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болды. Кездесуді ҚР ҰК директор орынбасары Юсупова Ажар Хамитовна ашыт. Модератор Алматы қ. ҚХА жанындағы «Жарасым»… Read More »

«Медиация – азаматтық қоғамның негізі» тақырыбындағы дәріс

2017 жылы 14 қазанда ҚМДБ қарасты Ислам институтында «Медиация – азаматтық қоғамның негізі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің негізгі мақсаты жанжалдарды бейбіт жолмен шешу үшін медиация және бітімгершілік рәсімдерін насихаттау және дамыту, келіспеушіліктерді азайту және әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету. Республикалық әдістемелік медиация кабинеті мен Ислам институты осындай іс-шараны бұрын да өткізгендерін айту мәлім. Дәріске… Read More »

«Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017 жылғы 10 қазан күні Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлтаралық келісімді нығайтудағы медиация институтының дамуы мен рөлі. Халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимовичтің, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимировичтің және Бостандық ауданының сәлемдесуімен бастау алды. Дөңгелек үстел… Read More »

2017-2020 жылдарға дін аясындағы мемлекеттік саясаттың концепциясын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Алматы экономика және статистика академиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығы Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Қазақстан дінтанушылар конгрессі» қоғамдық бірлестігінің көмегімен 2017 жылдың 10 қазанында 2017-2020 жылдарға дін аясындағы мемлекеттік саясаттың концепциясын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы экономика және статистика академиясының ғылым мен инновация бойынша проректоры, физика-математикалық ғылымдардың докторы,… Read More »