Monthly Archives: April 2017

№176 мектеп-гимназиясындағы «Қазақстан халқының бірлігі күні»

2017 жылғы 29 сәуірде №176 мектеп-гимназиясында «Қазақстан халқының бірлігі» күніне орай салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Пірәлиев Балторе Әбдіханұлы: «Баршаңызды ең тамаша мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бейбітшілік пен түсіністік бар жерде, бірлік басшылық етеді» – деген даналық сөзі еске… Read More »

Қала демалыс орталықтары арасындағы «Қазақстан халқы бірлігі» фестивалі

29 сәуір күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен қала демалыс орталықтары арасында «Қазақстан халқы бірлігі» фестивалін өткізді. 35-тен астам демалыс орталықтары орыс, неміс, өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, кәріс, татар, ингуш пен украин сияқты Қазақстан халықтарын таныстырды. Әрбір топ жеребе тастау бойынша өзіне түскен халықты таныстырды. Фестиваль екі… Read More »

«Татұлықтың тірегі – бірліктің бесігі»

27-сәуір күні Қазақ ұлттық медицина университетінде «Бірлік» Кіші Ассамблеяның ұйымдастыруымен «Татұлықтың тірегі – бірліктің бесігі» атты 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған этно-фестиваль өтті. Этно-фестивальдың мақсаты – Қазақ ұлттық медицина университетінің  студенттерінінің өзге этностың тарихын, салт-дәстүрін,тілін көрсетумен қатар,  Қазақстан халқы Ассамблеясын тарихымен таныстыру болды. Бұл Этнофестивальды  өткізуге Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» Коммуналды мемлекетік… Read More »

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы

2017 жылдың 26 сәуірінде Астана қаласындағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен: «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғыртудың негізі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Отырыста талқыланған негізгі тақырыптар – мемлекет басшысы ұсынған «Рухани жаңғыру» мақаласындағы жобалар және алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. XXV сессияның жұмысына 1500-ден астам… Read More »

«Туран» университетіндегі II Республикалық ғылыми-тәжирибелік конференция

2017 жылдың 26 сәуірінде Алматы қаласында, «Туран» университетінің 25 жылдығына арналған, «Университеттің жастар саясаты оқушыларды «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының рухани-өнегелі құндылықтарын күшейтуге тарту факторы ретінде» атты II Республикалық ғылыми-тәдірибелік конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: ҚР ЖОО-ның қауымдастығы, Алматы қ. әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, «Туран» университеті. Конференцияның негізгі мақсаты: «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяның аясында… Read More »

«Родина» Халықтық хорының 25-жылдығы

2017 жылда бірқатар маңызды шаралар бар. Кәрістердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл, Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастың 25-жылдығы, Мемлекеттік Республикалық Академиялық корей музыкалық комедия театры. Алматы корей ұлттық орталығының ағымдағы жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі «Родина» Халықтық хорының 25-жылдығын атап өту. Шығармашылық қызмет ету кезінде «Родина» Халықтық хоры Ай күнтізбесі бойынша «Соль… Read More »

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынының Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитариінде Ғабдолла Тоқай Күніне арналған іс-шара өтті

2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынының Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитариінде Ғабдолла Тоқай Күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараға Қазақстан Татар және башқұрт бірлестігінің төрағасы Ринат Абдулхаликов, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Ж.Ш., Қазақстан және Татарстан Жазушылар одағының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Алматының зиялы қауымы және жұрты жиналды.  Ұлы татар ақыны… Read More »

Алматы қаласындағы ХБА колледжіндегі «Наурыз мейрамы»

2017 жылғы 20 сәуір күні Халықаралық бизнес академиясы колледжінде  Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға колледж директоры Хисматуллина А.А., Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Ж.Ш., Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Мамсуров К.В., Алматы қаласы  Колледждер ассоциациясының президенті Азисханов Ж.Н., Алматы қалалық мәслихат депутаттары, республикалық және қалалық ЭМБ… Read More »

Достық үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

2017 жылдың 20 сәуірінде Алматы қ. Достық үйінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай республкалық тақырыптық күнінің жұмысына республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Алматы қ. маслихат депутаттары, Алматы қ. ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, Алматы қ. ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің және… Read More »

Алматы тарихы мұражайында «Ариана» ауған орталығының көрмесі өтті

14 сәуір 2017 жылы Алматы тарихы мұражайында «Ариана» ауған орталығының көрмесі өтті. Іс-шараға «Ариана» ауған орталығының төрағасы Ахмадулла Васток, Алматы қаласындағы Ауған Ислам Республикасының бас консулы Мойен С.М., Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Леонид Питаленко, «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі Токкожаев Б.Б., Қазақстандағы орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев В.А., «Саяны»… Read More »